жексенбі, 25 мамыр, 2025 5:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан халқының саны туралы 1 сәуірдегі деректер жарияланды

Қазақстан халқының саны туралы 1 сәуірдегі деректер жарияланды
Фото - ашық дереккөз
Жамбыл облысында  1 221 100 адам тұрады

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Статистикалық мәліметке сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша елде 20 333 530 адам бар.

Алматы (2 305 765 адам) және Түркістан облысында (2 154 308 адам) шамамен 4,5 миллион қазақстандық тұрады.

Алматы облысында (1 568 757) және Астанада (1 551 213) 1,5 миллионға жуық адам тұрады. Бұл ретте елорда халық өсімі бойынша республикада алдыңғы орында тұр – 1,47 пайыз.

Миллионнан астам адам Шымкентте (1 264 492 адам), Жамбыл (1 221 100 адам) және Қарағанды (1 133 436 адам) облыстарында тұрады.

12 833 140 адам – қалада, ал 7 500 390 адам – ауылда тұрады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар