жексенбі, 25 мамыр, 2025 14:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл тұрғындарына 1 трлн теңге беріледі

Ауыл тұрғындарына 1 трлн теңге беріледі
Көрнекі фото. Ауыл адамдары. Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі айтты

Қазақстанда ауыл тұрғындарына 1 трлн теңге берілетін болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аталған жаңалықты «Astana» телеарнасының «Қолтаңба» бағдарламасына берген сұхбатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков толығырақ айтып берді.

- “Қазіргі таңда «Аманат» партиясымен бірлесе отырып скринингтік  жұмыстарды аяқтадық. Бұл жобаны пилоттық жоба ретінде қарастыруға болады. Қазіргі уақытта 10 елді мекенде шағын өндірістік және өнеркәсіптік алаңдар құруды жоспарлап отырмыз. Бұл алаңдарда кооператив мүшелері мен ауыл тұрғындары – жалпы, кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар – жұмыс істей алатын болады. Басты мақсатымыз — ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту”,- деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар