Шу – Бурылбайтал тас жолының бір бөлігі ақылы болды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 173

Шу – Бурылбайтал республикалық маңыздағы автожолының бір бөлігі 13 мамырдан бастап ақылы болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақылы жолдың басталатын жері – 92,2-шақырым, ал аяқталатын жері – 268-шақырым. Жалпы ұзындығы – 175,8 шақырым. Жол II санатқа жатады, жолақ ені кемінде 3,75 метр.
Балама бағыт ретінде жүргізушілерге мына тегін жол ұсынылады: Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншенгель – Ақсуек – Бурылбайтал.
Жеңіл көліктерден ақы алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған:
16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1213 теңге, алдын ала төлем жасағандарға – 1031 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2446 теңге, алдын ала төлеммен – 2082 теңге;
32 орыннан жоғары автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездар – 3659 теңге, алдын ала төлеммен – 3114 теңге;
10–15 тонна аралығындағы жүк көліктері – 4891 теңге, алдын ала төлеммен – 4156 теңге;
15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемесі барлар, седелді тартқыштар – 6050 теңге, алдын ала төлеммен – 5187 теңге.
Абонемент рәсімдеу үшін 1403 нөміріндегі колл-орталыққа хабарласуға болады.