дүйсенбі, 26 мамыр, 2025 7:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыстады

Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыстады
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыс етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Қуаныш Сұлтановты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің дамуына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайраткердің жазушылық қырына да тоқталып, елдегі саяси және қоғамдық үдерістер туралы жазған еңбектерін ерекше атап өтті.

Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар