сәрсенбі, 28 мамыр, 2025 15:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семейде қаржылық пирамида ұйымдастырушылары ұсталды

Семейде қаржылық пирамида ұйымдастырушылары ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді

Семей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

- 2023 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында аталған адамдар Семей қаласындағы компания кеңсесінде кездесулер мен семинарлар өткізген. Олар жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар жасаумен және «WhatsApp» мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысқан. Бұл қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәделерімен жүйеге тартуға бағытталған. Сот үкімімен кінәлілердің біріне 4 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, екеуіне де 2 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді. Залалдың бір бөлігі өтелді, - делінген хабарламада.

 

Үкім заңды күшіне енді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар