Енді арнайы ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметтер тек биометрия арқылы көрсетіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 257

Қазақстандағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (спецЦОН) көлік иелері мен емтихан тапсырушыларды сәйкестендіру үдерісі автоматтандырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін жеке тұлғаны анықтау қызмет алушының құжаты негізінде оператор арқылы жүргізілетін. Енді азаматтар арнайы камера алдында суретке түсіріледі, ал жүйе бұл фотосуретті мемлекеттік деректер базасындағы бейнемен автоматты түрде салыстырады. Бұл тәсіл бөтен адамның суретін немесе экраннан түсірілген фотосуретті пайдалану мүмкіндігін болдырмайды.
– Біз адам факторын алып тастадық. Бұған дейін бұл тетік түрлі заңбұзушылықтарға жол ашып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығына күмән келтіретін. Ал биометриялық сәйкестендіру – заңбұзушылықтарды азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін тікелей құрал. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсетудің әділ әрі ашық жүйесін құруға бағытталған заманауи технология, – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, қызметті көрсету автоматты түрде тоқтатылады.