дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 19:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтауда тәртіп сақшылары суға батқан жасөспірімді құтқарды

Ақтауда тәртіп сақшылары суға батқан жасөспірімді құтқарды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады

Ақтауда полицейлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген.

Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген жағдайда, тіпті өз өмірін қатерге тіге отырып, көмек көрсетуге дайын.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар