Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:43
- 74
Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандық маман бұл қызметке 2023 жылы келіп, бүгінге дейін оның дамуы мен құраманың жасақталуына үлесін қосты.
Сондай-ақ Қазақстан WU-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметінен Жанна Мальгаждарова кетті. Ол команданы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.
Мамандармен жұмыс екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.
Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады.
Жақын уақытта ҚФФ-ның техникалық даму комитеті бос бапкерлік қызметтерге үміткерлерді тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсыныс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026






