сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ұлы зағип анасын қанжоса етіп сабаған

Алматыда ұлы зағип анасын қанжоса етіп сабаған
Дина Таңсәрінің телеграмм арнасынан алынды
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады

Алматыда ішімдікке тәуелді ұлы 76 жастағы зағип анасын қанжоса етіп сабаған. Бұл туралы телеграмдағы арнасында «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қарт әженің көршілері оның таяқ жегеннен кейінгі суретін түсіріп, Дина Таңсәріге жіберген.

«Ұлы анасын үнемі сабайды. Бұрын тіпті алты айға қамалып шыққан. Бірақ, босап шыққан соң өзгерген жоқ. Міне, 2024 жылдың 1 мамыры күні көршілер әженің дауысын естіп, үйіне барса, ұлы оны сабап, аузынан қан ағызып, қолы мен бетін көгертіп, өзі қашып бара жатыр екен. Әженің қол-аяғы дірілдеп, жылап тұрды», - деген көршілер.

Осы жазбадан кейін жағдайды назарға алған полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген.

«Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Сот шешімімен құқық бұзған адам 10 күнге қамалды», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар