жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қардың қашан түсетіні белгілі болды – синоптиктер болжамы

Қардың қашан түсетіні белгілі болды – синоптиктер болжамы
Pixabay.com
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктердің мәліметінше, 23–24 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

«Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі.

23 қыркүйекте шығыста, 23–24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман.

Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20–28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10–15-тен 15–25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі», - делінген хабарламада.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар