жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мыңбұлақтықтар асарлатып, жалғызбасты ананың үйін жөндеп берді

Мыңбұлақтықтар асарлатып, жалғызбасты ананың үйін жөндеп берді
Фото: Jambylinfo.kz
Қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі – «Асар» бүгінде де өз мәнін жоғалтпай, ел арасында жалғасын тауып келеді. Бұл игі дәстүрдің негізінде – ауызбіршілік, өзара көмек, мұқтаж жандарға қол ұшын созу сынды ұлт болмысына тән биік қасиеттер жатыр.

Сондай игі істің бір айғағы – жуырда Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Талапты ауылында орын алды. «Асар» жобасы аясында ауыл тұрғындары демеушілік жасап, жалғызбасты Сәуле Нұрманбетованың үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жерлестері жалғызбасты қарт ананың үйінің шатырын толықтай ауыстырып, ішкі және сыртқы қабырғаларын әктеп, сырлап берді. Сонымен қатар, жаңа "Отау TV" антеннасы орнатылып, тұрмысқа жайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыстар небәрі бес күн ішінде аяқталып, Сәуле апаның шаңырағы жаңарған жайлы мекенге айналды.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай ауыл тұрғындары бас қосып, асарға атсалысқан азаматтарға көпшілік атынан ризашылық айтылып, ауыл ақсақалдарының батасы берілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар