«Ашық бюджет» - азаматтық қоғам кепілі
Былтырдан бастап елімізде мемлекеттік органдар жұмысы мен бюджетінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске қосылғаны белгілі. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардағы бағынысты мекемелер өз бюджеттерін аталған картаға енгізуді қолға алған еді. Бұл мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының шын мәніде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Қазір облыстағы жергілікті атқарушы органдары мен оларға бағынысты мекемелер аталған картаға өз бюджеттері туралы мәліметтерді енгізу үстінде екен. Бұл жөнінде «ANTICOR ORTALYGY» сервистік орталығында өткен «Ашық бюджет» жобасының іске асырылу барысы туралы баспасөз мәслихатында айтылды.
– Біздің тарапымыздан аталған картамен жұмыс істеу жөніндегі талап-пен тәртіп басқармалар мен бөлімдер, бағынысты мекемелер басшылары мен жауапты мамандар арасында түрлі семинар-кеңес, ZOOM платформасында мәжілістер өткізіліп тұрады. Егер қандай да бір орын алып жатқан кемшіліктер болса, атап көрсетіліп, мәліметтерді салу тәртібі түсіндіріледі. Карта жұмысына жауапты тұлғалардың сұрақтарына жауап беріледі. Облыстағы барлық басқарма, бөлімдердің, бағынысты мекемелердің Карта жұмысына жауапты мамандары үшін ашылған чат және телефон байланысы арқылы жұмыс тәртібі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап қайтарылады.
Картаға деректер орналастыруда мекеме атауының дұрыс жазылмауы, бюджеттің жұмсалу мақсатының нақты көрсетілмеуі, қажетті құжаттардың толық салынбауы, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің уақтылы көрсетілмеуі секілді қателіктер жиі орын алып жатады. Мұндай кемшіліктер күнделікті байланыс нәтижесінде айтылып, түзетіліп отырады. Жоғарыдағы кемшіліктер алғашында көптеп кездесетін, алайда уақыт өте келе түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде біршама түзелді, – деді Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев.
Оның айтуынша, биылдан бастап қоғамның белсенді өкілдері Картаға енгізілген бюджет мәліметтеріне мониторинг жасап, мемелекет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға алып отыруды қолға алыпты. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану деректерінің алдын алу мақсатындағы келеңсіздік нәтижелері талқыланып отырған. Соның арқасында кейбір мекемелердің бюджеті айтарлықтай үнемделген. Осы секілді шаруаларға тоқталған департамент басшысы кез келген адамның интернет желісі арқылы publicbudget.kz порталына кіріп, өзінің тұратын аймағы, саласы бойынша қажетті мекемені таңдап, ондағы деректермен танысу, сондай-ақ сауал, ұсыныс тастау мүмкіндігін пайдануға болатынын жеткізді.
– Бұл мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған игі іс. Аталған жоба азаматтарға бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалаумен қатар, нақты бір бағыттар мен салаларға мемлекеттен қаражат бөлу туралы ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдай мемлекет пен қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрғыда кері құбылыстарды тудырары сөзсіз. Сондықтан да, бұл жобаны мемлекет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі деп қарастырып отырмыз – деген облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев жобаның қоғамда кездесетін түйіткілді мәселердің алдын алуға тигізетін пайдасын бүге-шүгесіне дейін баяндап берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024