сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 19:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұңғыш Президент күніне тарту

Тұңғыш Президент күніне тарту
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президент күніне тарту

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай тараздықтарға тамаша тарту жасалды. Мерейлі мерекеге орай жаңадан салынып жатқан 15 ықшамауданда №25 тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін табыстау салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, көптен күткен армандары орындалған тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Баспаналы болу бақытына кенелген тұрғындарға Бердібек Машбекұлы ақжарма тілегін арнап, пәтер кілттерін өз қолымен тапсырды.

 width= – Баспана – қай уақытта да өзекті мәселе. Қала халқының санының өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, нәтижесінде мыңдаған, миллиондаған қазақстандықтың арманы ақиқатқа айналды. Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар облысымызда да жемісті жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың өзінде 1000-ға жуық пәтер ел игілігіне берілді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған 180 орынды жатақхана бой көтеріп, осыншама тұрғын қоныс тойын тойлады. Негізінен облыс бойынша бүгінде 65 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы осы тұрғын үйлердің 55-інің құрылысын аяқтауымыз керек. Осы жылы ең кем дегенде 605 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деген жоспарымыз бар. Ол үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан жоспарлы жұмыстар уақытында аяқталады деген сенімдемін, – деді Бердібек Машбекұлы

 width=

Аймақ басшысының айтуынша, облыста аладғы уақытта да тұрғын үй құрылысы қарқын ала бермек. Бұған пәтер кезегіне тұрған әулиеаталықтардың саны жыл санап көбеюі себеп болуда. Соның ішінде бір ғана Тараз қаласының өзінде 32 мыңға жуық тұрғын пәтер кезегінде тұр екен. Оларды баспанамен қамту осы салаға жауаптылар мен құрылыс компанияларының еңбегімен еңсерілмек. Осыны сөз еткен өңір басшысы сала қызмекткерлері мен құрылыс компания өкілдеріне табыс тіледі. – Тағы бір айрықша айта кетер жайт, 15 ықшамаудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік желіде, баспасөзде жол, жылу, аулаларды абаттандыруға байланысты көптеген мәселе көтеріліп жатыр. Мәселенің бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда барлық нәрсенің өз себебі бар. Мәселен жолға байланысты. Қазіргі таңда ықшамауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған техникалар ол жолмен күнделікті сан мәрте өтуіне байланысты қазір жаңадан жол салынса, көпке ұзамай жарамсыз күйге түседі. Сол себепті алдағы уақытта барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін табады. Жылу мәселесі бойынша кеше ғана аппараттық жиында жауапты мекеме басшылары нақты тапсырма берілді,– деді Б. Сапарбаев. Салтанатты шара соңында баспаналы болған тұрғындар атынан Абай Өміртай облыс басшылығына алғысын жеткізді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар