Тараз қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай «BIZ BIRGEMIZ» монументінің ашылу салтанаты өтті. Қиын жағдайларда әрдайым бірінші болып көмекке ұмтылып, өз өмірлерін қауіпке тігуге дайын кәсіп иелеріне құрмет белгісі ретінде салынған монументтің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. «BIZ BIRGEMIZ» монументі – ұлттық нақышпен көмкерілген туынды. Композицияның ортасындағы Жер шарын қол ұстасқан дәрігерлер, әскери, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және еріктілер секілді түрлі мамандық иелері қоршап алған.
– Қиналғанға қол ұшын беру, қолдау ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз, дәстүріміз. Тарихтан мәлім, ашаршылық, соғыс, репрессия кезінде ата бабаларымыз жүздеген ұлттың өкілдеріне көмектесіп бауырына басқан. Қанша жыл өтіп кетсе де бүгінде Қазақстаннан пана тапқан өзге этнос өкілдері қазақтардың қамқорлығын, дархан пейілін ұмытқан жоқ. Ата-бабаларымыздың жасаған жақсылығына әлі күнге дейін ұрпақтары ризашылығын білдіріп келеді. Биыл тек Қазақстан үшін ғана емес әлем үшін қиын кезең болды. Коронавирус індеті әлемді әбігерге салды. Осы бір қиын жағдайда да халқымыз бекем бірлігін, татулығын көрсетті. Өзгелерге үлгі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезде бастарын бәйгеге тігіп, адам өмірін сақтап қалуға ұмтылған ақ халатты абзал жандарға, әскерилер мен полиция қызметкерлеріне, еріктілерге лайықты құрмет көрсетуді тапсырған болатын. Ендеше, бүгінгі ашылған монументтің мәні зор. Мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Солай болуы керек. Қазіргі таңда ол жұмыстарды жалғастырамыз. Медицина мамандарын қолдау көрсетілуі, олардың көмек алуы қажет. Әсіресе дәрігерлер өзінің денсаулығына қауіп төніп тұрса да науқастардың қасында болып, басын бәйгеге тікті. Өкінішке қарай қаншама білікті дәрігерлердің өзінен айырылып қалдық. Індеттің беті қайтатын түрі жоқ. Сәл саябырсығанымен, екінші толқын басталуда. Өңірімізде де науқастар саны көбейіп жатыр. Осындай сәтте бірлігімізді көрсетуіміз керек. Тек қара басымызды ойлауға болмайды. Індеттің алдын алу мақсатында жанкештілікпен еңбек етіп жатқандарға облыс әкімі ретінде алғысымды айтамын. Бұл жер келешектке қала тұрғындарының демалатын орнына айналады деген үміттемін, – дей келе Б.Сапарбаев аталған монументтің құрылысын жүргізген «Темірқазық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс білдірді.
Сонымен қатар нысанның ашылу салтанатында облыстық мамандандырылған фтизиопульмонологиялық балалар санаторийінің бас дәрігері Айман Ахрапқызы, облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Манас Ақбалтаұлы, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек сөз сөйледі.
Талғат НҰРХАНОВjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тұңғыш Президент күніне тарту
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024