Әдеп кеңесінде шектен шыққан шенеуніктердің тәртібі талқыға салынды
- авторjambylinfo.kz
- 28 қараша, 2020
- 341
Облыс әкімдігінде өткен әдеп кеңесінің кезекті отырысында шілдедегі індеттің салдарынан сөреде жоғалған дәрілерді іздеуге шыққан мониторинг топ мүшелерін менсінбеген шенеуніктің ісі әдеп кеңесінде қайта қаралды. Бұған дейін денсаулығына байланысты кеңеске қатыса алмаған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мәдина Шиналиева сөгіс алды. Сондай ақ, ескерту мен сөгіс арқалаған шенділердің жазасы неге мерзімінен бұрын алынып тасталады деген сауал да күн тәртібінде көтерілді. Басқосуда әуелі Мойынқұм, Т.Рысқұлов ауданыны қарасты ауылдық округ әкімдерінің әдебі қаралды. Біріне түтіндік пен желдеткіш жүйелерін тексеру үшін ауыл тұрғындарынан 1000 теңгеден жинаған серіктестіктің жұмысына наразы тұрғындар шағым түсірген. Енді бірі астық қойма аумағын ретке келтіру жұмыстары бойынша шарт жасасып, алайда жұмысты толық бітірмей тұрып алдын ала жеке кәсіпкерге қаржыны толық аударып жіберген. Бүгінгі отырыста біле тұра заң бұзғандармен қатар қараптан-қарап қателіктерге ұрынғандарға да тиесілі жазалар тағайындалды. Сонымен бірге, елді әбігерге түсірген жаздағы карантинде кезінде Тараз қалалық мониторингтік топ мүшелері «Jambyl» телеарнасының түсірілім тобымен бірге «Жасұлан және К» дәріханалар желісіне зерделеуге барған еді. Онда дәріхана басшылығы ақпарат беруден бас тартып, дөрекілік танытқанды. Осыдан кейін бейнесюжет қоғам тарапынан қызу талқыланып, әлеуметтік желіде көптеген пікірлер жазылғанды. Бірақ облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мәдина Шиналиеваның әлеуметтік желіге жазылған жазбаға ешқандай да қатысы жоқ екенін, ол кезде ауруханада хәл үстінде жатқанын айтып бақты. Осылайша әлеуметтік желідегі жазбаға қарсы пікірді мен жазбадым деп ақталған бас фармацевтке дәл сол мерзімдегі денсаулығына байланысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді. Сонымен қатар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны кеміген. Жиында кеңес төрағасы әдеп нормаларын бұзғаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау фактілері жиілегенін атап өтті. Тәртіптік кеңес отырысында мұнан өзге мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар мен әдеп кодексінің сақталуы бойынша жүргізілген жұмыстар барысы да тыңдалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз