Қоғам
Астанада өткір затпен қаруланған ер адам жасөспірімдерге шабуыл жасауға әрекет еткен
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 сәуір, 2025
- 255

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдегендей, белгісіз ер адам жасөспірімдерді пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға тырысқан.
Оқиға Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйдің маңында кешкі сағат 21:00 шамасында орын алған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында орын алған. Сол кезде әскери жасақтың бастығы қатардағы Абзал Ерғали, патрульдеушілер қатардағы Әлихан Аман және Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген. Ұландықтар оқиға туралы әскери жасақтар бойынша кезекші аға сержант Бекжан Дәулетбайға дереу хабар берді. Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады",- делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеті арқасында шабуылдаушы қолға түсті, ал жасөспірімдер қауіпсіз жерге жеткізілді.