Қоғам
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті жемқорлық қысымынан қорғау туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 19 тамыз, 2020
- 219
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті жемқорлық қысымынан қорғау туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өткізген кеңесте кәсіпкерлік саласына да тоқталды.
Президент соңғы бес жыл ішінде қылмыстық істер бойынша заңды тұлғаларға кедергі келтіргені үшін 11 адам, рейдерлік істер бойынша - 7 адам сотталғанын айтты.
"Бұл сандар бизнесті қорғаудың құқық қорғау бойынша тетіктері құлдырап бара жатқанын көрсетеді.Сонымен бірге, мен былтырғы Жолдауымда заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау - мемлекеттің ауыр қылмысы деп айтқан болатынмын. Мұны барлық құқық қорғау органдары, соның ішінде Бас прокуратура да есте сақтауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Үкіметке Бас прокуратурамен бірге бір ай ішінде көтерілген барлық мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылғанын атап өткен Мемлекет басшысы бұл салада белгілі бір оң үрдістер бар екенін де жасырмады.
"Біз енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау институты алғашқы жемісін беруде. Тек осы жылдың бірінші жартыжылдығында 510 бизнес-жоба бойынша 114 заңсыз араласу фактісі анықталды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілерін дереу болдырмауға міндетті. Кәсіпкерлер мен инвесторлар сыбайлас жемқорлық қысымынан қорғаныс барын сезінуі керек", деді Президент.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала