Қоғам
Атырауда кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен видеоблогер ұсталды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 маусым, 2025
- 226

Polisia.kz мәліметінше, Атырауда кәсіпкерден ақша талап етті деген күдікпен екі адам ұсталды.
Ұсталғандардың бірі — 33 жастағы видеоблогер, екіншісі — 39 жастағы қала тұрғыны. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу мәліметінше, күдіктілер жеке кәсіпкерден ақша талап етіп, бопсалаған.
— Сонымен қатар, тінту барысында күдіктілердің бірі полиция қызметкеріне күш қолданған. Қазір бұл дерекке байланысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 маусым, 2025