дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда мұғалімдер жұмысқа қалай орналасып жүргені анықталды

Қазақстанда мұғалімдер жұмысқа қалай орналасып жүргені анықталды
Фото: alau
Ұстаздарды жұмысқа қабылдаудың арнайы тәртібі бар

Қазақстанда мектеп ұстаздарының жұмысқа қандай тәртіппен қабылданып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Педагогтерді жұмысқа орналастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларымен регламенттеледі. Осыған сәйкес конкурстық рәсімнен өтеді, Жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат өткізеді. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы, біліктілігіне сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі қажет. Денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында денсаулық жағдайы туралы анықтама, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдардан анықтама алып беру керек», - деп хабарлады министрлік.

Ал ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлігі қаралады. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы өткізіледі.

Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы 10 минут аясында өзін-өзі таныстыруы міндеттеледі.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар