Қазақстанда әр екінші неке ажырасумен аяқталады – Әділет министрі
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2025
- 992
Оның айтуынша, бала-шағаны асырауға құлықсыздық пен алимент төлеуден жалтару – отбасылық қарым-қатынастардың дағдарысқа ұшырауының салдары, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл мәселе елдегі ажырасу көрсеткіштерінен де айқын көрінеді. Өткен жылы Қазақстанда 61 мың жұп ажырасып, 124 мың неке қиылған.
«Бұрын халқымызға тән болған құндылықтар жоғалып барады. Статистикаға қарасақ, өкінішке қарай, әр екінші неке ажырасумен аяқталады. Бұл ең алдымен отбасыға, әсіресе балаларға ауыр соққы», – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Министрдің пікірінше, отбасын нығайту және балалардың құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізу қажет. Ведомство алимент төлеуге арналған мемлекеттік қор құру мүмкіндігін қарастырған, алайда бұл бастама республикалық бюджетке салмақ түсіретіндіктен қолдау таппаған.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтың осал топтарын жұмыспен қамту тәсілдері өзгертілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2026
Ғажайыпқа сендірген оқиға: екі бүлдіршіннің өмір үшін күресі
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






