сенбі, 31 мамыр, 2025 2:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ҚҚС 16% болды: жаңа Салық кодексі Мәжілісте қабылданды

Қазақстанда ҚҚС 16% болды: жаңа Салық кодексі Мәжілісте қабылданды
Pixabay.com
Мәжіліс жаңа Салық кодексін қабылдады, онда қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді және ҚҚС төлеу міндеттемесіне ілігетін шекті табыс көлемі 40 миллион теңге деп көрсетілген.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік салада үкімет ҚҚС-тан босатылатын дәрі-дәрмек тізімін бекітеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2026 жылдан бастап дәрілер мен медициналық қызметтерге 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі енгізіледі. ҚҚС-тан тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтер, сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, отандық баспа кітаптары мен оларды басып шығару қызметтері босатылады.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау ретінде ҚҚС-тың есепке жатқызылатын үлесі 70 пайыздан 80 пайызға дейін өсіріледі. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі ойын бизнесі мен банктер үшін 25 пайызға дейін ұлғайтылады, бірақ кәсіпкерлерге берілген несиелерден түсетін кіріс бойынша банктер үшін бұрынғы 20 пайыз мөлшерлеме сақталады. Жеке табыс салығы прогрессивті түрде есептеліп, жалақыдан 8500 айлық есептік көрсеткішке дейін 10 пайыз, одан жоғары табысқа 15 пайыз мөлшерінде салынады. 

Дивиденд түріндегі табысқа 230 мың АЕК-ке дейін 5 пайыз, одан асып кетсе 15 пайыз салынады. Резидент емес тұлғалардың табысынан 600 мың АЕК-ке дейін 10 пайыз, одан жоғары табысқа 17 пайыз салық салынады. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылдан бастап КТС мөлшерлемесі 5 пайыз, 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салықтық шегерім 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 

Кейбір қоғамдық бірлестіктер бірқатар салық түрінен босатылады. Алкоголь, темекі және қыздырылатын темекі өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өседі және энергетикалық сусындарға да акциз енгізіледі. Құжат қазіргі таңда Сенат қарауына жіберілді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар