дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Бүгін республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан найзағай, жаңбыр, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.  
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың кей жерінде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Түнде және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады. Ақтөбе облысының кей жерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар