Жамбыл облысында COVID-19 ауруының жаңа дерегі тіркелген жоқ
- авторjambylinfo.kz
- 15 қыркүйек, 2020
- 244
Өткен тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы тіркелген жоқ.
Өңірде қолға алынған алдын-алу шаралары инфекцияның жұқтыру деңгейін айтарлықтай төмендетті. Дегенмен, медицина қызметкерлері әлі де босаңсуға жол берілмеу керектігін ескертеді. Облыс тұрғындары әлі де қауіпсіздік шаралары мен карантиндік талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Жамбыл облысында COVID-19 ауруының 4107 жағдайы тіркелген десек, оның 2320-сы симптомсыз.
Коронавирустық инфекциядан сауыққан 3711 науқас медициналық мекемелерден шығарылды. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханасында алты адам емделуді жалғастыруда. Оның төртеуінің жағдайы – орташа ауыр, ал екеуінің жағдайы – ауыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз