Бүгін Конституция күні
Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтуде. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заңға биыл 25 жыл толды.
Конституция — мемлекеттің негізгі заңы, оның жоғары заңдық күші бар. Өмір сүрудің демократиялық қағидаттарын ұстанатын әрбір мемлекет осындай заңға ие болуға міндетті.
Еліміздің Конституциясы Қазақстанның өмір сүруінің демократиялық қағидаларын бекітеді. Ол азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді, олардың міндеттерінің шеңберін айқындайды.
Әлемдегі алғашқы конституция қайда және қашан қабылданды?
1787 жылы 17 қыркүйекте – Филодельфияда әлемдегі тұңғыш Америка Құрама Штаттары Конституциясы қабылданды. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27 түзету енгізілген.
КСРО тарағаннан кейін посткеңестік кеңістікте пайда болған мемлекеттер: Өзбекстан 1991 жылы, Түркіменстан 1992 жылы Қырғызстан және Ресей Федерациясы 1993 жылы Беларусь, Молдова және Тәжікстан 1994, Әзірбайжан, Армения және Грузия 1995 жылы, ал Украина 1996 жылы өздерінің конституцияларын қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Бірінші Конституциясы
1993 жылы 28 қаңтарда еліміздің бас өкілетті органы — Жоғарғы Кеңеспен қабылданды. 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан құралған Негізгі заң Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, еліміздің демократиялық, парламенттік республика екенін айшықтады.
Қазіргі Конституция 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихына еніп, мемлекеттік мерекеге айналды. 1995 жылдан бастап Қазақстан азаматтары жыл сайын 30 тамызда Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді.
Заң күшіне енген кезден бері құжатқа төрт рет өзгертулер енгізілді. Алғашқы түзетулер 19 бапқа қатысты және Негізгі Заң қабылданғаннан кейін үш жылдан кейін пайда болды. Әсіресе 2007 жылы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді, бұдан былай тек саяси партиялардың мүшелері Парламенттің төменгі палатасы — Мәжіліске мүше бола алады. Тағы төрт жылдан кейін заң Нұрсұлтан Назарбаевқа мерзімінен бұрын сайлау жариялау құқығын берді.
Конституцияға соңғы түзетулер 2017 жылдың наурыз айында енгізілді. Ел президенті кейбір өкілеттіктерін үкімет пен парламентке берді, бірақ Қазақстан президенттік республика болып қалды.
ҚР Конституциясы туралы қызықты деректер
Қазіргі Конституцияны жасамас бұрын Қазақстан Президенті әлемнің әртүрлі елдерінің жиырмаға жуық басты заңдарын зерттеді. Қазақстан Конституциясы көбінесе Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік билікті құру саласындағы тәжірибесін қабылдады, ал кейбір тармақтар француз заңының ережелеріне ұқсас. Мысалы, заңды бақылауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңес тек Қазақстанда және Францияда ғана бар.
1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды. Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305), Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі.
Конституциядағы ең көп бап қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), онда Парламенттің жұмысын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қағидаттар сипатталған. Ал ең аз бапты «Адам және азамат» (39 бап), онда азаматтардың елдің мәдени мұрасын сақтау міндеттері сипатталған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024