Қоғам
Конституция күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді
- авторjambylinfo.kz
- 29 тамыз, 2020
- 286
Конституция күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді
Еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына түрткі болған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осындай айтулы мереке қарсаңында Қордай ауданында бірнеше нысанның тұсауы кесіліп, ел игілігіне тарту етілді.
Тәу етер Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция күніне орай бірінші кезекте Қордай ауданына Шу ауданынан кіреберісте орнатылған стелланың лентасы салтанатты түрде қиылды. Облыс әкімі Б.Сапараевтың бастамасымен тұрғызылған нысанның бетіндегі тас тақтаға аудан өміріндегі айтулы даталар мен маңызды ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілінде қашалып жазылған. Бұл қатарда ауданның құрылған жылы, тұрғындар саны, аумағының көлемі сынды бірқатар мәлімет бар.
Нысанның салтанатты тұсаукесер рәсіміне Қордай ауданы әкімінің орынбасары М.Күзербаев, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев және ауыл ақсақалдары қатысты. Бұл күннің мән-маңызына тоқталып өткен М.Күзербаев іс-шараға жиылған тұрғындарды Конституция күнімен құттықтады.
«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміз үшін бұл ерекше күн. Осындай мерейлі мереке қарсаңында аудан үшін маңызы мол нысанның ашылу салтанатында жиналып отырмыз. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың 10 ауданының кіре берсіне осындай үлгідегі стелла қою жөнінде тапсырма берген болатын. Міне, бүгін нысан Сарыбұлақ ауылдық округінің кіребересіне орнатылып, ауданымыздың шағын паспортына айналды. Ауданның құрылу кезеңі мен құрылымы жайлы мәліметтер көрсетілген. Сонымен қатар, биылғы жылдың айшықты даталары - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Елбасының ұлы ақынға деген пікірі стеллада арнайы жазылған», - деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Келесі кезекте сөз алған ауыл ақсақалы Қ.Бұзаубаев жерлестерін айтулы күнмен құттықтай келе, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның жеткен жетістіктерін тізбектеп, ауылдастарына амандық тіледі. Сонымен қатар, келесі кезекте мінберге көтерілген Қайнар ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Фараджиев Ата Заңның арқасында еліміз бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізіп, халқымыз тату-тәтті өмір сүріп отырғанын алға тартты.
Дәл осы күні Сарыбұлақтан 80 шақырым жердегі Отар ауылында да салтанатты шара өтіп, онда ауылдық орталығынан бой көтерген сахнаның тұсауы кесілді. Нысанның ашылу рәсіміне ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, сахнаның лентасын қиды.
Ал, осыдан кейінгі кезекте Қордай ауылының орталығынан сұбұрқақтың тұсауы кесілді. Аудандық Мәдениет үйінің маңындағы сәні келіскен нысанның айналасы абаттандырылып, түрлі түсті жарық шамдары да орнатылған екен. Мұнда жиылған қауымды Қордай ауылдық округінің әкімі Б.Сахатов құттықтап, ауданымыздың Құрметті азаматтары А.Шупта мен Т.Құсайынов жерлестеріне батасын беріп, елімізге, жұртымызға амандық тіледі.
Мерейлі мереке қарсаңында Қарасай ауылында да ауыл көрікін кіргізетін «Қарасай батыр» стелласы ашылды. Аудан әкімінің орынбасары М.Күзербаев салтанатты ашылуға арнайы барып, қарасайлықтарды қос қуанышпен құттықтап қайтты. Бұл стелла Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қарасай ауылының тумасы Сатылғанов Жақсылық Қасабекұлының демеушілігімен бой көтерді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бүгін Конституция күні
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024