бейсенбі, 26 маусым, 2025 1:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-дағы қайғылы оқиға: зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсетіледі

БҚО-дағы қайғылы оқиға: зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсетіледі
Ашық дереккөз
Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында өрттен көз жұмған балалардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әкім 4 маусым күні иіс тию салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Қайғылы жағдай орнына облыс әкімінің орынбасары барған.

"Қазір оқиға орнында аудан әкімі жүр, барлық тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан жан-жақты көмек беріледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық қолдау, баспанамен қамту және өзге де әлеуметтік қолдаулар қарастырылады", – деп жазды Нариман Төреғалиев Facebook парақшасында.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, полицейлер мен дәрігерлер жұмысын жалғастыруда. Әкім бұл жағдайды өз бақылауына алғанын айтты.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар