«Бұрын-соңды болмаған той». Қазақстандық азамат үйлену тойын қалыңдықсыз өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 15 маусым, 2024
- 731
Әлеуметтік желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгілі болғандай, Астананың тұрғыны, әнші Павел Цой уәделі күні қалыңдықсыз той жасады. Туыстары мен достарының алдында жалғыз мерейлі күннің тортын өзі кесті. Той басталардан бұрын көптің қол шапалағы аясында ортаға шыққан күйеу жігіттің ісі әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды. Сонымен қатар, той кезінде күйеу жігіттің әжесі әсерлі тілек айтқан.
Өзінің сөзінше талапты әнші Павел жігіт 2 ай ғана сөйлескен аруды алуға бел байлаған. Мәселе той күні жақындағанда шығыпты. Күйеу жігіт туыстарымен үлкен той өткізетін болғанда қалыңдықтың қалауы бойынша екінші жұрттың өкілдері де қатысуына ұсыныс айтылған. Алайда бұл өтініш күйеу тарапынан құпталмай, қалыңдық «жігіт табылар, ата-ана табылмайды» деген тәмсілге сүйеніп, екеуара келісімді шарт үзген.
Желі қолданушыларының пікірі осы орайда түрлі сарынды. Бірі күйеу жігітті жақтаса, екіншісі «қалыңдық тарапын құрметтемеу» деп айыптады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024