сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 4:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев бірқатар жамбылдықтарға мерекелік медальдарды табыс етті

Бердібек Сапарбаев бірқатар жамбылдықтарға мерекелік медальдарды табыс етті
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев бірқатар жамбылдықтарға мерекелік медальдарды табыс етті
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қазақстан Конституциясы 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті. Аймақ басшысы шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Конституция Қазақстан халқының бірлігінің символы, одан әрі тұрақты даму мен өркендеудің берік негізі болып табылатынын атап өтті. Бердібек Сапарбаев мерекелік медальдарды облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақовқа, Қазақстанның Еңбек Ері, "Қазфосфат" ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіровке, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Сембек Сейдазимовке, облыстық мәслихат депутаты Гүлдара Нұрымоваға, №5 қалалық емхананың аға медбикесі Елена Москаленкоға, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевқа, еңбек ардагерлері Сағынхан Әміреқұловқа, Күләш Назарбековаға, Әлібек Әмзеевке, Шорцу Шарафутдиновке, Өскенбай Мәдиевке, Жұматай Лаиковқа, Оңласын Есіркеповке және тағы басқаларға табыс етті. Кездесуге қатысушылар осынау тарихи сәттің маңыздылығын тілге тиек етті. - Біз Конституциямыздың біздің өмірімізде қандай рөл атқаратынын жақсы білеміз. Өйткені, оның "Біз, Қазақстан халқы" деген сөздерден басталуы тегін емес. Бейбітшілік, келісім мен бірлік – бұл мемлекет дамуының баға жетпес байлығы және қозғаушы күші болып табылады, - деді Мұқаш Ескендіров. Кездесу соңында облыс әкімі пандемиямен күреске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді. үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, жамбылдық меценаттар ауруханаларға жалпы сомасы 600 миллион теңгеден астам қаржыға медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмек сатып алып берген. - Төтенше жағдай кезінде жанашыр адамдардың көмегі айрықша маңызға ие болды. Қамқор және қолдау көрсетуге дайын жамбылдықтар алғашқы күннен бастап-ақ қоғамдық жұмыстарға барынша атсалысты. Олардың әрқайсының үлесі бағалы, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар