«Бос жатқан жер жау шақырады»: депутат Өзбекстанның тәжірибесін Қазақстанда енгізуді ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 6 наурыз, 2024
- 987
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшелері Қазақстандағы отбасылардың әл-ауқатын арттыру үшін Өзбекстандағы сияқты отбасы және демографиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитет құруды ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның айтуынша, қазір елімізде демографиялық саясат туралы қабылданған заң да, тұжырымдама да жоқ. Бірақ демографиялық проблема бар.
«32 жыл ішінде біздің халық небәрі 4 миллионға, ал көршілес Өзбекстанда осы кезеңде халық саны 15 миллионға өсті. Халқымыздың саны аз, тығыздығы төмен, әлем бойынша 184 орындамыз – жеріміздің 100 гектарына 7 адамнан келеді. «Бос жатқан жер жау шақырады» демекші, біз демографиялық мәселелерді қалай шешеміз? Біріншіден, халықтың табиғи өсуімен, ал екіншіден көші-қонды арттырумен», дейді Танашева премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Оның пікірінше, табиғи өсімді қамтамасыз ету үшін алдымен отбасыларды қолдау қажет.
«Бүгінгі таңда елімізде отбасы саясаты мәселелерімен айналысатын жалғыз мемлекеттік орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті. Отбасылық саясат басқармасында тек 4 адам жұмыс істейді, ал өңірлерде комитет өкілдері мүлдем жоқ», дейді халық қалаулысы.
Осыған байланысты депутаттар Өзбекстандағы демографиялық өсімнің оң динамикасын ескеріп, отбасылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында сол елден үкімет жанындағы Отбасы, әйелдер, балалар және демографиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитет құру тәжірибесін қабылдау ұсынып отыр.
Танашева комитет құру туралы бастаманы алғаш рет 2019 жылы көтергенін еске салды, бірақ бес жыл бұрын бұл ұсыныс қолдау таппаған. Комитет мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіретін, сондай-ақ ана мен баланың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін және отбасылардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал ететін негізгі орган болады. Демографиялық өсімнің тағы бір маңызды жолы – көші-қон ағынын арттыру.
«1991 жылдан бері тарихи отанына 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралған. Біз «қандас» мәртебесін алу процесін жеделдету туралы өтініштер аламыз, себебі көптеген азаматымыз айыппұл мен депортациядан қорқып, қолданыстағы құжаттарының аяқталуына байланысты кері қайтуға мәжбүр», дейді Танашева.
Сол себепті фракция депутаттары үкіметті отанына оралғысы келетін адамдар үшін жағдай жасауға, бюрократияны болдырмауға, құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетуге, сондай-ақ жеңілдіктер мен төлемдер алуға көмек көрсетуге шақырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Наурыз айындағы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024