Дәрі-дәрмектегі таңбалау: түсініксіз тұстар мен нақты жауаптар
- авторБақытжан Бекболат
- 27 мамыр, 2025
- 228

Осы мәселелерге қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген барлық дәрі-дәрмектерде Data Matrix коды болуы қажет. Бұл кодтардағы мәліметтер тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор – "Tanba" жүйесіне жіберіледі. Дәрінің түпнұсқалығын және оның жеткізу жолын Naqty Onim тегін мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Егер сіз кодты сканерлегеніңізде қосымшада ақпарат шықпаса, мынадай екі себеп болуы мүмкін:
Препарат 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін шығарылған – ондай дәрілерді таңбалау міндетті емес;
Код бар, бірақ дерек жоқ – бұл жағдайда өндіруші жүйеге мәлімет енгізбеген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Naqty Onim қосымшасының “Көмек” бөлімі арқылы шағым қалдырып, заңбұзушылықты тіркей аласыз.
Айта кету керек, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мен медициналық бұйымдарға таңбалау талабы әзірге қойылған жоқ. Қазіргі таңда бұл тауарлар бойынша пилоттық жобалар жүріп жатыр, бірақ әзірге міндетті талап жоқ. Сондықтан олардың қаптамасында Data Matrix кодының болмауы – заңбұзушылық болып саналмайды.
2022 жылдың 1 шілдесінен бастап таңбалау пилоттық режимде тек 90 атаулы дәрі-дәрмекке енгізілген еді. Бірақ ол кезде дәрілердің қозғалысын толық бақылау міндетті емес болатын. Сондықтан ондай дәрілерді сканерлегенде тек өндіруші жайлы ақпарат көрінуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 маусым, 2025
Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 9 маусым, 2025