сәрсенбі, 18 маусым, 2025 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия чемпионаты: Жеңіл атлет Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды

Азия чемпионаты: Жеңіл атлет Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Спортшы өзінің жеке рекордына (1:32.15) қол жеткізді

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте үздік үштікке ілікті. 

Қазақстандық жеңіл атлет өзінің жеке рекордына (1:32.15) қол жеткізді.

Осылайша, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Ерлер арасында 20 шақырымға спорттық жүрісте тағы бір қазақстандық Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.

Оңтүстік Кореядағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 27-31 мамыр аралығында өтіп жатыр. Онда Қазақстан намысын 32 спортшы қорғайды.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар