дүйсенбі, 23 маусым, 2025 18:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: gov.kz
2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді

1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,4 мыңнан астам фактісі анықталды.

- Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 588 ұйғарым берілді және 194 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,9 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 677 млн теңге төленді, - деп жаздыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді, оның барысында 2 941 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 428; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 496; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар