жексенбі, 22 маусым, 2025 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда есту қабілеті шектеулі жастар арасында кәсіби чемпионат өтті

Жамбылда есту қабілеті шектеулі жастар арасында кәсіби чемпионат өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Есту қабілеті шектеулі жастар арасында кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Жамбыл облысында ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған «DeafSkills-2025» атты кәсіби шеберлік чемпионаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.

Чемпионат екі бағыт бойынша өтті:

Сәндік қолданбалы өнер

Киімдерді үлгілеу және дизайн

Жарысқа Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Тараз сервис және технология колледжінің 12 студенті қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасып, өз қолынан шыққан жұмыстарын көпшілікке көрсетті.

Нәтижелер төмендегідей:

Сәндік қолданбалы өнер:

1 орын – Васильев Виктор Алексеевич

2 орын – Сәткен Ансар Дахияұлы

3 орын – Санақ Аслан Асанханұлы

Киімдерді үлгілеу және дизайн:

1 орын – Мұхтарқызы Мадина

2 орын – Бижан Дария Рахымқызы

3 орын – Люртяева Ангелина Игоревна

Жеңімпаздарға жүлделі орындар мен марапаттар табысталып, қатысушылар арнайы сертификаттармен, ал олардың еңбегін бағалаған сарапшылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар