Екі аяғы жүрмейтін такси жүргізушісіне белгісіз адам үй, көлік және Умраға жолдама сыйлады
- авторjambylinfo.kz
- 25 мамыр, 2024
- 1.2k
«Маскадағы адам» қоры екі аяғынан айырылса да көлік жалға алып, такси қызметін ұсынатын Мұрат есімді жігіт пен оның зағип әйеліне жаңа үй, көлік және Умраға жолдама сыйлады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қара маска таққан жігіт сондай-ақ Мұрат пен әйелінің емі үшін қомақты қаражат бергені белгілі болып отыр.
«Менің атым Мұрат, екі қызым бар. Аяғым жүрмейді, бірақ, рульмен басқарылатын мына көлікті жалға алып, такси жүргіземін. Бірінші топтағы мүгедекпін. Әйелім де бірінші топтағы мүгедек. Ол үйде Брайлев жүйесі бойынша Құран оқиды. Алладан бар тілерім екі қызымның амандығы, ал, әйелім екеуміз қиындықтың бәріне шыдаймыз», - деген Мұратқа маска киген жігіт күтпеген жерден конверт ұстатып, олардың жаңа үйін көрсетеді.
Өз құлағына өзі сенбеген жігіт әуел баста қолындағы конвертке қарап, Умраға барасыз дегенді естігенде, қуанышын жасыра алмады.
«Мынау әйеліңіз екеуіңіздің еміне арналған ақша. Және Умраға жолдама. Мына үйде сіздердің жаңа пәтерлеріңіз бар. Ал мына тұрған көлік те енді сіздікі», - дейді қара маска таққан жігіт.
Бұл сыйлықтарды естіп, көзімен көрген Мұрат көз жасын тоқтата алмай, қайырымды жігітті құшақтап, рақмет айтты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024