Бүгін Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада даңқты батырға ескерткіш ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.
«Қазақстанның алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов бүкіл саналы ғұмырын әскери қызмет саласына арнады. Мемлекетіміздің тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде айбынды армиямызды құруға және оны нығайтуға зор үлес қосты. Ол өзінің болмыс-бітімімен, өмірлік ұстанымымен және ақыл-парасатымен қазақ генералының нағыз үлгісіне айналды.Батырдың ескерткіші – халықтың қаһарман ұлына ыстық ықыласының, Отанға қорғауға өмірін арнаған барша азаматқа шынайы құрметінің белгісі. Сағадат Нұрмағамбетовтің «Бейбіт күнді қырағы күзетіңдер!» деген сөзі бар. Бұл – тек сарбаздарға емес, әр отандасымызға жүктелген аманат. Оны орындау – бәріміздің перзенттік парызымыз», – делінген ел Президентінің құттықтау хатында.
Сенат Спикері генаралдың ерлігі мен елге сіңірген еселі еңбегі әрдайым халықтың жадында сақталатынын айтты. Сондай-ақ ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен соңында қалған рухани мұрасын дәріптеу маңызды іс екенін, мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайта түсетінін тілге тиек етті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024