Қоғам
«Енді қайталамаймын». Жас жігітті тепкінің астына алған қыздар кешірім сұрады
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2024
- 1.6k
Олар мұны бейнеүндеу ретінде жолдады
Бірнеше күн бұрын жігітті тепкілеген қыздардың кадрлары желіні кезген. Қоғам тарапынан бұған түрлі пікірілер айтылды. Ал, бүгін "НеМолчи" қоры «жуанжұдырықты» қыздардың кешірім сұраған бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жақында түлектер арасында қыздардың жас жігітті көкала қойдай етіп сабап, жүндей түтіп қорлағаны таспаланған бейнежазба «Тикток» желісінде кеңінен таралды. Көп ұзамай полиция агрессорларды ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Нәтижесінде кінәлі қыздардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған.
"Мен өз қателігімді түсінемін. Сондықтан дұрыс жасамаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен Марат пен оның анасынан кешірім сұраймын!"- дейді кадрдағы қыз.
Алайда қордың оқырмандары кешірім беруге наразы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 сәуір, 2026
Қоғам
Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026






