дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерке Есмахан енесін бренд пен бриллианттың астында қалдырды

Ерке Есмахан енесін бренд пен бриллианттың астында қалдырды
Сурет: видеодан скриншот
Жолдасы Raim-ның әке-шешесі Алматыға қыдырып келген

Әнші Ерке Есмахан Алматыға қонаққа келген ата-енесінің асты-үстіне түсіп жүр. Оларды тауға апарып, үйіне келген кезде қымбат сыйлық алдырған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Мама жаңа тауда жүрген кезде сізге тағы да сыйлық алдырып қойдым. Бұл – шашқа арналған стайлер. Бренд, мама, бұл бренд. Енді шашыңыз күшті болады, одан сайын әдемі боласыз», - дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ Ерке Есмахан енесіне «сізге күнде сыйлық береміз, сосын көшіріп аламыз» деп қалжыңдайды. Бұл видеосына жазба қалдырған Ерке Есмахан енесіне бриллиант сыйлағанын, бренд дүниелер сыйлағанын жазады.

Айта кетейік, нарықта бұндай стайлер фендер 355 мың теңгеден бастап сатылады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар