Енді атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікке онлайн түрде өтініш беріп, құжатқа оңай қол жеткізуге болады.
Ол үшін Egov.kz порталына кіріңіз; Іздеу жолы арқылы "Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру" қызметін табыңыз; Қызметті онлайн сұратыңыз; Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз; Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз; Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз; Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты "жаңарту" арқылы порталға шығарыңыз; Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз. Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш. Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз