бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иван Ургантты қазақтың ұлттық киім, ән-күйімен қарсы алғандар сынның астында қалды

Иван Ургантты қазақтың ұлттық киім, ән-күйімен қарсы алғандар сынның астында қалды
видеодан скриншот
Әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік әрітстерге бұндай сый-құрмет көрсету артық деп санаған

ТМД елдеріне танымал әртіс, тележүргізуші Иван Ургант Қазақстанға келіп, сынның астында қалды. Оны әуежайдан қазақтың ұлттық киімін киген, қолдарына домбыра ұстап, халық әндерін орындаған төрт адам күтіп алған, деп жазады jambylinfo.kz.

Айта кетейік, «Вечерний Ургант» бағдарламасынығ жүргізушісі бағдарламасына танымал қазақ өнерпаздарын шақырып тұрады. Өзі әртүрлі телесериалдар мен киноларға түскен.

Ал, оның бұл жолғы сапары сәтсіз басталып отыр: әуежайдан түсірілген видео көптің сынына қалып, халық ұйымдастырушыларға ескерту жасаған.

«Оны бұндай ән-күймен күтіп алатындай қандай еңбек сіңірді?», «Тек қызыл кілем мен сыйлық жетпей тұр», «Шетелдіктерді бұндай салтанатпен қарсы алғанды қою керек», - деп жазған желідегі оқырман.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар