сенбі, 23 қараша, 2024 0:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысына Бангладеш елінің азаматтары заңсыз көшіп келген

Жамбыл облысына Бангладеш елінің азаматтары заңсыз көшіп келген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 4 адам қолға түскен

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алдын алу мақсатында Қордай ауданы прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрған.

Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.

Аталған факті бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді.

«Қордай аудандық сотының үкімдерімен 24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Сонымен қатар Оңтүстік Азияның 20 азаматы мерзімін өтегеннен кейін елден шығарылды. Сот үкімдері заңды күшіне енді», - деп хабарлаған прокуратура.

Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, жуырда ғана қамалғаны анықталып отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар