Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында Тараз қаласын абаттандыру жөніндегі жобалар талқыланды.
Жыл сайын облыс орталығындағы көрнекті орындар қатары артып келеді. Сәулетшілердің ойынан туған жобалар тараздықтардың көз қуанышына айналып келе жатқаны рас. Оның айқын бір мысалы ретінде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін айтуға болады. Соңғы уақытта бұл маң айтарлықтай өзгеріп шыға келді. Шаһар тұрғындарымен қатар, қалаға өңірдің түкпір-түкпірінен жеке жұмысымен және қыдырып келген қонақтар да сонда ағылып, бір көріп қайтуды мақсат етеді. «Тектұрмас» аумағындағы құрылыс жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Кеңесте облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов сол маңайдағы жағажай мен жасанды сарқырама жобасын көрсетті. Жоспар бойынша ондағы демалушылар үшін қойылатын орындықтар ұлттық нақышта безендіріледі. «Biz birgemiz» монументі де шаһардың мақтанышына айналуы тиіс. Жоба өз құрылымымен елдегі бірлік пен татулықты әспеттейді. Айта кетейік монумент коронавируспен күрескен азаматтарға арналып орнатылып жатыр. Көпфигуралы композицияның қақ ортасында жер шары орналасқан. Түрлі мамандық иелерінің мүсіндері оны қол ұстаса айналдырып тұр. Кешен де, монумент те ұлттық нақышта салынбақ. Сондай-ақ облыс әкіміне өнер үйі, жастар орталығы, «Аса» ықшамауданында салынатын аллеяның жобалары да көрсетілді. Жергілікті сәулетшілер жоспарды өзге қалалардағы тәжірибеге сүйеніп әзірлеген екен. – Әр ғимараттың өзіндік ерекшелігі болуы керек. Бірақ өзара үйлесімділік те ескерілгені жөн, – деп ескертті аймақ басшысы. Арман Әбдешов Абай мен Жамбыл даңғылдары біршама өзгеретінін де жеткізді. – Ең бірінші кезекте сауатсыз жарнама ілінген тақтайшалар, билбордтарды жою керек. Рұқсат етілмеген жерде нысан салып жатқан кәсіпкерлерді де жауапқа тарту керек, – деген талап қойды Бердібек Сапарбаев. Бұдан бөлек кеңес отырысы барысында Шу қаласы мен Гродеково ауылын абаттандыру мәселелері де қаралды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметіjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Красная звезда» редакторының алғысы
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024