дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Көп адам Арапаның мәнін түсінбей жүр»: имам Арапа күнін дұрыс өткізудің жолын айтты

«Көп адам Арапаның мәнін түсінбей жүр»: имам Арапа күнін дұрыс өткізудің жолын айтты
Фото: https://yandex.kz/maps
Ертең, яғни 15 маусым – Арапа күні

Арапа – күллі мұсылман жұртының мейрамы Құрбан айттың алдындағы күн. Биыл бұл күн 15 маусымға тура келіп тұр. Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев Арапаның мәнін түсіндіріп берді,-деп  хабарлайды jambylinfo.kz.

Ержан Аманбаевтың айтуынша, Арапа күні тек үй тазалап, Құрбан айтқа дайындалу аздық етеді.

«Арапа – Алла Тағалаға құлшылық жасайтын күн. Бұл күні ерлер де, әйелдер де мейілінше дұға жасап, ораза ұстаған абзал. Құран кәрімде «Арапа күні ораза ұстаған кісінің екі жылдық күнәсі кешіріледі», деген. Ал көп адам Арапа десе Құрбан айт мерекесіне дайындық жасау керек деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Сондықтан Арапа күні құлшылық жасап, Жаратқанның сансыз сауабына кенелуге тырысқан жөн», - дейді имам.  

Еске салайық, елімізде 16 маусым Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні болып жарияланды. Бұл күні барша мұсылман мерекелік таң намазын оқиды.  Ал Жамбыл облысында Құрбан айт намазы таңғы сағат 06:00-де орталық мешітте оқылады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар