дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Құрбан шалу мұсылманға парыз емес»: Құрбан шалуға шамасы жетпейтін мұсылман қандай ізгі амал жасауы керек

«Құрбан шалу мұсылманға парыз емес»: Құрбан шалуға шамасы жетпейтін мұсылман қандай ізгі амал жасауы керек
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл сұраққа Тараз қаласының бас имамы жауап берді

16 маусым күні барша мұсылман қауымы асыға күтетін Құрбан айт мерекесі басталады. Үш күнге созылатын мерекеде барлық жамағаттың құрбан шалуға шамасы жетпеуі мүмкін. Құрбан шалуға шамасы жетпейтін мұсылман қандай ізгі амал жасау керек? Бұл сұраққа Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев жауап берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ержан Аманбаевтың айтуынша, Құрбан шалу мұсылманға парыз емес.

«Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызға мал алып, құрбан шалуға мүлде болмайды. Құрбан айт бұл мереке. Сондықтан бұл күндері мешітке келіп, дұға жасап, туған-туыстарды аралап, мерекелік көңіл-күйде жүру керек»,-деді имам.

Сондай-ақ, ол Құрбан шалу кімге уәжіп екенін де тілге тиек етті.

«Құрбан шалу - ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға уәжіп. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие мұсылман уәжіп бола алады. Нисап мөлшері – 85 грамм алтынның құнына тең келетін ақша»,-деп жауап берді қаланың бас имамы.   

Еске салайық, 16-18 маусым аралығында мұсылмандар Құрбан айт мерекесін атап өтеді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар