Кептеліс мәселесі: жұмыс уақыты 7:00-ге ауысуы мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 11 маусым, 2025
- 1.4k
Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин елорда мен ірі қалалардағы көлік қозғалысының тығыздығы тұрғындарға күн сайын үлкен қолайсыздық тудырып отырғанын алға тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ол бірнеше маңызды деректерді келтірді. Мәселен, Астанада қазіргі таңда күніне шамамен 500 мың көлік қозғалысқа шығады. Ал қала халқы жақын арада 2 миллионға жетуі мүмкін. Тұрғындардың жартысына жуығы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді, ал олардың басым бөлігі қаланың орталық бөлігінде орналасқан.
Сонымен қатар, депутат шетелдік тәжірибені мысалға келтіріп, жұмыс күні ерте басталған жағдайда еңбек өнімділігі артады деген зерттеу нәтижесін ұсынды. Сондықтан да, оның айтуынша, жұмыс уақытын сағат 9:00-ден 7:00 немесе 8:00-ге ауыстыру жол қозғалысын азайтып, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Президент Путинді Ресей күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Халықтың осал топтарын жұмыспен қамту тәсілдері өзгертілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2026
Ғажайыпқа сендірген оқиға: екі бүлдіршіннің өмір үшін күресі
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






