дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мә саған керек болса!»: Әйелдер Бишімбаевтың басын тортқа қойып, оны кесіп жеп жатыр

«Мә саған керек болса!»: Әйелдер Бишімбаевтың басын тортқа қойып, оны кесіп жеп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Видео Tik-Tok әлеуметтік желісінде тарады

Әлеуметтік желіде «тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді қолдайтын желі» ретінде тіркелген парақша Қунадық Бишімбаевтың жазасына қатысты видео жүктеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Видео авторлары «Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталғанын тойлап жатыр» деп жазған. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, авторлар Бишімбаевтың басы қойылған тортты кесіп, «ал, саған керек болса» деп ашуға басады әрі қалжыңдайды. Видео авторлары өзге тілде сөйлеп тұр. Соған қарағанда, видео шетелде түсірілген.

Желі қолданушыларының біразы «оған сол керек» десе, кейбіреуі біреудің тағдыры мен қайғысын бұлай күлкіге айналдыруға болмайды» дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар