жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Медиация – бабалар дәстүрін жаңғырту үрдісі

Медиация – бабалар дәстүрін жаңғырту үрдісі
ашық дереккөзі
Медиация – бабалар дәстүрін жаңғырту үрдісі

Билер кеңесі - бұл қазақ билерінің дәстүрін жаңғырту, дауласушылық деңгейін төмендету, құқықбұзушылыққа төзбеушілік пен оның алдын алу мәселелері бойынша салт, ғұрып, озық дәстүрлерді сақтау жөнінде құрылған кеңесші орган. Билер кеңесінің тұрғындар арасында адами қарым-қатынастардың сақталуы мен әлеуметтік шиеленістерді болдырмауға тигізер септігі зор.

Осы орайда тиімді жұмыс істеп жатқан билер кеңесінің іс-тәжірибесімен бөлісу, кеңестің жұмысын жандандыру мақсатында аудандық орталық кітапхананың "Білім" орталығында аудандық билер кеңесінің семинар-кеңесі өтті.

Оған облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған бір топ адагерлер, аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, ауданымыздағы билер кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Семинар-кеңесті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков жүргізіп отырды. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Ернұр Маратұлы ашты.

- Бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты – кейінгі кездерде өзінің тиімділігін көрсетіп жүрген алқа билер институтының оң тәжірибесімен бөлісу.

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізілуі - заман талабына сай қажеттіліктердің бірі,- дей келіп Ернұр Маратұлы аудандық алқа билер кеңесі туралы қысқаша тоқталды.

Облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов "Жамбыл облыстық билер кеңесінің жұмысы мен міндеттері" тақырыбында баяндама жасады.

Келесі кезекте аудандық билер кеңесінің жұмыс тәжірибесі туралы аудандық билер кеңесінің төрағасы Сағындық Тоқбергенов баяндама жасады.

Аудандық соттың судьясы Байжан Жамалбекұлы медиацияның тиімділігі, аудандық соттың алдағы уақытта да медиаторлармен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығы жайлы айтып өтті.

Қарасаз ауылының билер кеңесінің төрағасы Нұртаза Омаров "Медиация - бабалар дәстүрін жаңғырту үрдісі" тақырыбында баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев та билер кеңесінің жұмысы жайлы өз пікірін білдірді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар