сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектепке Қонаевтың есімі берілсе...

Мектепке Қонаевтың есімі берілсе...
ашық дереккөзі
Мектепке Қонаевтың есімі берілсе...

Атаудың астарында көп сыр болары көпке мәлім. Сондықтан да болса керек ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ономастика саласында үлкен бетбұрыстар орын алды. Ауылдар мен кеңшарларға, ұжымшарларға аты берілген Ворошиевка, Лениндерді Төле би мен Бөлтірік шешен алмастырды.

Сол бір дәуірде еліміздің көптеген елді мекендеріндегі Шу ауданындағы Ленин атымен аталған ауылға, ауыл мектебіне қазақ зиялыларының аты берілгені көпшілікті қуанты. Әуелі 1992 жылға дейін «күн көсемнің» атымен аталып келген ауылдық мектепке Шу өңірінен шығып, тұтас қазақ жұртына сөзін жүргізген Төле би бабамыздың есімі берілгенде бөркімізді аспанға аттық. Араға 9 жыл салып, ауылымыз Қонаев ауылы болып атала бастады. Арғы-бергі тарихтан хабары бар кез келген жан бұл екі тұлғаның қазаққа халқына сіңірген еңбегіне бағалайды. Әрі олардың атының мектепке, ауылға берілуі құптайды. Десе де аядай ғана Шу ауданында үш бидің төбе биі бола білген Төле бидің атымен аталатын екі мектеп бар. Сұрастырып көрсек ономастика заңдылығында бір ауданда екі бірдей ономастикалық атау болуы мүмкін емес екен. Сондықтан да Қонаев ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшелері Төле би атындағы мектепке Д.Қонаевтың атын беру туралы бастама көтеріп отыр. Атау беру заңдылығының барлық талаптарына сай келетін бұл бастамаға ауыл тұрғындары қарсы емес. Енді тек атау беру туралы шешім шығаруға құзырлы органдардың бұл мәселеге баса назар аударса болғаны.

Байдаулет Досымбеков, Қонаев ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шу ауданы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар