сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысының мақаласы Брайль қарпінде жарық көрді

Мемлекет басшысының мақаласы Брайль қарпінде жарық көрді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының мақаласы Брайль қарпінде жарық көрді
Биыл азат ел атанып, Тәуелсіздіктің дәмін татқанымызға 30 жыл! Осындай мерейлі мерекенің Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен ашылуы тәуелсіздіктің құндылығын арттыра түскендей. Мақаланың «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» тарауларының әр тармағында өзекті ой айтылып, нақты бағыт көрсетілген. «Таным мен тағылым» тарауында отандық теларналарға тарихи тақырыптармен жұмыс жасауды тапсырғаны, өткенімізді түгендеу, келешегімізді кемелдеу болып тұр. Сонымен бірге, ашаршылықтың алғашқы кезеңіне баса назар аударып, тарихтың ақтаңдақ беттерінің сұмдығының нақты зерттелуін, Желтоқсан құрбандарының жан-жақты насихатталуын тапсырды. «Қоғам мен құндылық» бөлімінде ана тіл мәселесіне, ұлттар арасындағы достық, бейбітшілікке баса назар аударып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне ерекші көңіл бөлу қажеттігін, ұлттық құндылықтарды ұлықтауды тапсырды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының мақаласын 24 дана етіп Брайль қарпімен басып шығарды. 12 данасы қазақ тілінде, 12 данасы орыс тілінде жарыққа шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласымен облыс пен ауданның зағип оқырмандары Брайль қарпінде оқып, таныса алады. Г. Алтынбекова Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директор орынбасары
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар