дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Менікі деген ұғым болу керек». Ақын Серікзат Дүйсенғазин қазіргі жастар қандай болуы керектігін айтты

«Менікі деген ұғым болу керек». Ақын Серікзат Дүйсенғазин қазіргі жастар қандай болуы керектігін айтты
Фото - ашық дереккөзден
Ол жастар патриот болу керек деп есептейді

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы қазіргі жастардың ел-жерді тастап, шетелде қалуының басты себебін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ақын Хабар телеарнасындағы «Оян» бағдарламасына сұқбат беріп, жастар патриот болу үшін бойынан табылуы керек қасиеттерді атап өтті. Серікзат Дүйсенғазының сөзінше, қазіргі жастар көбіне ел мүддесінен гөрі жеке бастың мүддесін жоғары қояды. Сол үшін де шетелде оқығандары елге келіп қызмет етуден бас тартып, бөтен елдегі жайлы өмірді таңдайды.

  • Жерді бермеу үшін жастарда «жер менікі» деген үғым болуы керек. Қазіргі жастардың ойын қараңызшы. Жастар шетелге оқу үшін барып, сонда қалып қояды. Рахат өмірді көріп сонда қалып қояды. Өмір тыныш, жағдай жақсы. «Қазақстанда ондай жағдай жоқ» деп жеке басын ойлайды. «Мынау менің отаным, мәдениетім, кезінде бабаларымның қаны тамды, балаларым осында өседі, менің тілім, тағдырым осы жерге байланысты» деген ұғымды жаһандану құртып жатыр,- деді Серікзат Дүйсенғазы.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар