Министр күйеулерінен зорлық көретін әйелдер маған көп келеді – психолог Ержан Мырзабек
- авторИндира Тәліпқызы
- 25 сәуір, 2024
- 1.1k
Белгілі отбасылық психолог Ержан Мырзабек «Халық Үні» ақпараттық порталына берген сұхбатында танымал шенеуніктердің әйелдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа көп тап болатынын айтқан, деп жазады jambylinfo.kz.
Ержан Мырзабектің айтуынша, олардың қатарында министрлер, әкімдер, комитет басшыларының әйелдері де бар.
«Елімізге өте танымал шенеуніктердің әйелдері менің қызметіме көп жүгінеді. Олардың отбасында болып жатқан сұмдық жайттарды естігенде төбе шашың тік тұрады. "Мынау ма?" дейсіз. Күнделікті теледидардан көріп жүрген танымал тұлға зорлық-зомбылыққа барады дегенге сену қиын. Бірақ «элита» мұны жасырады. Ал шенеунік күйеулерінен зорлық көретін әйелдерді материалдық тәуелділік қана ұстап тұр деуге болады. Яғни бұл әйелдер статустан айырылып қалудан қорқады. Сондықтан шыдайды", - дейді психолог.
Ержан Мырзабек «элитаның» әйелдерінің 80 пайызы отбасындағы зорлық-зомбылыққа көнуді «әйелдің даналығы» деп жастар арасында насихаттап жүргенін де тілге тиек еткен.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы үлкен резонанс тудырып отыр. Ол 2023 жылдың 9 қарашасында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Сот ісіндегі тергеу аяқталып, 2024 жылдың 29 сәуірі күні тараптар пікірталас өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024